Үй тазалауға келіп-кетіп жүрген әйел пәтерден 4,5 миллион теңге ұрлап кеткен
Үй тазалауға келіп-кетіп жүрген әйел пәтерден 4,5 миллион теңге ұрлап кеткен
151
оқылды

Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанай қаласы полиция басқармасының Оңтүстік полиция бөліміне 63 жастағы қала тұрғыны шағымданды. Ол пәтерінен 7200 доллар және 2800 евро ұрланғанын хабарлаған.

«Арыз иесі үй қызметшісі Еленадан күдіктенген. Жәбірленушінің айтуынша, осы жылдың күзінен бастап ол айына бір-екі рет пәтерді тазалау үшін келетін бейтаныс әйелді жалдаған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция бөлімінің қызметкерлері Қостанай қаласының бұрын сотталмаған 47 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ақшалай қаражаттың бір бөлігі иесіне қайтарылды. Күдікті ақшаның бір бөлігін жұмсап, туыстарының несиесін төлеп, бір бөлігін банкке депозитке салып үлгерген» делінген департаменттің хабарламасында.

Ұрлыққа қатысты тергеу басталды.