2020 жылы Еуразияны қандай 10 қауіп-қатер күтіп тұр?
2020 жылы Еуразияны қандай 10 қауіп-қатер күтіп тұр?
368
оқылды

Нұр-Сұлтанда «Астана клубы» саяси форумының бесінші мерейтойлық отырысы өтіп жатыр. Әлемнің мәселесін талқылап жатқан жиында Еуразияға төнетін қауіп-қатерлердің алдын алу талқыланып жатыр.

1. 2020 жылы АҚШ-тағы президенттік сайлаудан кейінгі ахуал

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп жаңа мерзімге қайта сайлану кампаниясын бастап кетті. Алайда қарсыластары оны импичментпен қорқытуда. Әлемнің жетекші державасының саяси дамуындағы белгісіздік бүкіл Еуразия үшін елеулі сын-қатерге ұласуы мүмікн.

2. Жаһандық экономикалық құлдырау

Дүниежүзіне ықпал ететін кезекті экономикалық дағдарыс дамушы елдердегі экономикалық мәселелердің салдарынан орын алуы мүмкін. Дамып келе жатқан нарықтарда капиталдың кетуі әсерінен валюта бағамы құлдырап, соның кесірінен компаниялардың қарызға бату мәселесі күшейетіндіктен, жаһандық дағдарыс орын алуы болжануда.

3. АҚШ пен Қытай текетіресінің ушығуы

АҚШ пен Қытай арасындағы текетірестің күшею қаупі былтырғы рейтингтің алдыңғы қатарынан орын алған. Мәселе 2020 жылы да өзектілігін жойған жоқ. Вашингтон мен Бейжің шиеленісін толыққанды стратегиялық қарсылық деп атауға болады.

4. Жаһандық қарулану жарысының жаңа кезеңі

2019 жылы қырғи-қабақты бәсеңдетуде бәсі жоғары болған Жақын және орта қашықтықтағы зымырандарды жою жөніндегі келісімінің күшін жойғанына куә болдық. 2020 жылы әлем стратегиялық қару саласындағы «ойын ережелерінің» жаппай жойылу ықтималдылығына тап болады.

5. Технологиялық үстемдік жарысының үдеуі

Технологиялық кеңістіктің геосаяси сегментациясы айқын бола түседі. Қытайлық Huawei және ZTE компанияларының мысалдары IT-өнімдерді өткізу нарығын аймақтандыру тетігінің үлгісі деп санауға болады.

6. Иранға қарсы әскери соғыс

Ядролық келісімді жою Иран төңірегіндегі қарама-қайшылықтардың одан әрі ушығуына ұласуы мүмкін. Иранның геосаяси қарсыластарымен текетіресі киберкеңістікке кең таралуы мүмкін. Жағдай Таяу Шығыстағы бүкіл қауіпсіздік жүйесін қысымда ұстайды.

7. Корей түбегіндегі ядролық дағдарыс

Солтүстік Кореяның бейбіт келісімге келу және АҚШ-пен қарым-қатынасын қалыпқа келтірудегі қадамдары баяу қарқынмен жүруде. Екі тарап арасындағы келіспеушіліктер арта үскен сайын келісімдердің құрдымға кету қаупі күшейеді. Жағдайдың ушығуына 2020 жылғы АҚШ-тағы президент сайлауынан кейінгі ахуал ықпал етуі мүмкін.

 8. Терроризмнің жаңа толқыны

ДАИШ-тың талқандалғанына қарамастан, террористік топтар дамудың жаңа сатысына көтеріліп, әрекет ету ауқымын кеңейте түсуде. Жалғыз өзі күрес ұйымдастырғандардың қатары көбеюде. Бұдан бөлек, әлем мұсылмандар мен мигранттардың өзге конфессиялар терроризмі мен «ақ» терроризм аталған топтардың құрбаны болғанына куә болуда.   

9. Басқыншы ұлтшылдық пен популизм толқыны

Популизмді сайлау үдерісіне таңу және саясаткерлердің күрделі мәселелерді оңай шешуге деген ниеті қиратушы әлеуметтік қақтығыстарды күшейтеді, сондай-ақ этникалық және діни араздық қаупін тудырады.

10. Климаттың өзгеруі тудыратын ауқымды мәселелер

Ірі державалар арасындағы кикілжіңдер мен келіспеушіліктер 2020 жылы климаттың өзгеруіне қарсы күресті түбегейлі тоқтату қаупін тудырады, бұл басқа мемлекеттердің ұлттық мүддені желеу еткен өзімшілдік саясатын жүргізуін жеңілдетеді.

Әлемнің жетекші дипломаттары мен саясаткерлерінің және сарапшыларының басын біріктірген саяси форум жайында толығырақ «Айқын» газетінде жарияланады.