«Құтты мекен» жобасы аясында ескерту берілген нысандар тексерілді
«Құтты мекен» жобасы аясында ескерту берілген нысандар тексерілді
205
оқылды

Nur Otan партиясы Түпқараған аудандық филиалының өкілдері, мемлекеттік органдар мен мәслихат депутаттары «Құтты мекен» жобасы аясында Форт-Шевченко қаласында, Баутино және Аташ ауылдарында мониторинг жүргізді.

«Құтты мекен» жобасының басты мақсаты – жергілікті жерлерде инфрақұрлымды нығайту, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, газ, су құбыры, электрмен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуді және моноқалаларды дамыту жұмыстарын жалғастыру. Алдымен мониторингтік топ Аташ ауылына бұрын ескерту берілген нысандарды тексерді. Аталмыш ауылдағы бұрын көтерілген мәселелердің бірі газ құбырының дұрыс орналастырылмауы. Партия тарапынан ескертуден кейін бүгінгі күні барлық талаптарға сәйкес орналастырылды. Келесі кезекте Баутино ауылындағы автокөлік жолының жанындағы газ құбырының талапқа сәйкес келмеуі. Бүгінгі күні тексеру барысында газ құбырларының жолдан қашық, тұрғындарға қолайлы салынғанына мән беріп, ескерту берілген Баутин ауылы, Сатимов көшесінің бұрылысындағы газ құбырының орналасуы мәселесі өз шешімін тапты. Одан бөлек, Форт-Шевченко қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған көп қабатты үйдің газ, су құбырларын тексеріп, тұрғындар тарапынан түскен және әлеуметтік желідегі наразылықтарды мұқият қарап, оперативті қимылдап, шешім табу керектігін ескертті. Құтты мекен