Бес бала мұз астына кетті – ТЖК
Бес бала мұз астына кетті – ТЖК
235
оқылды

Соңғы екі айда елімізде 24 балықшы суға батып кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты.

«Қостанай облысы, Жітіқара қаласында үш бала тоғанға барып, мұз астына түсіп кеткен. 1954 жылғы азамат, балаларды мұз астынан алып шыққан. Өкініше қарай, қатты үсік шалған үш баланың екеуін құтқару мүмкін болмады. Бұл – жалғыз қайғылы оқиға емес. Солтүстік Қазақстан облысында да екі бала мұз астына кетіп, олардың қасындағы ер адам құтқарып қалды», – дейді Владимир Беккер.

Комитет төрағасы басын қауіп-қатерге тігіп, балаларды ажалдан арашалап қалған екі азамат марапатталғанын айтты.

«Мұз қалыңдығы 10-15 см болғанша, үстімен жүріп тәуекел етуге болмайды. 1 қыркүйектен бері еліміз бойынша балық аулауға кеткен 24 адам суға кетті. Мұның бәрі қауіпсіздік ережесін сақтамаудан туындады», - дейді комитет төрағасы.