Көптеген дүкендер мен кафелерді су алып кетті. Қонақүйлерде тізеден келетін резеңке етікке дейін таратылуда.
Жаңбырдың тоқтаусыз жауғанынан Италияда Венецияның орталығы су астында қалды. Атақты Сан-Марко алаңын да су басып кетті.Бұл жайында Associated Press хабарлады.
Тіпті, көптеген дүкендер мен кафелер су астында қалды. Қонақүйлерде келген меймандарға тізеден келетін резеңке етікті берілуде. Сақтық шарасы ретінде, 12 қараша күні барлық балабақша жұмысы да тоқтатылды.
Метеорологтардың айтуынша, сейсенбі күні кешке ауа райы одан әрі күшейе түседі. Оның әсері Италияның солтүстік-шығысы мен Сицилияға да тиеді деп болжануда.
https://youtu.be/CPOZ1Lp_0fs