Күдіктінің кесірінен полицейлер коронавирусқа шалдықты
Күдіктінің кесірінен полицейлер коронавирусқа шалдықты
129
оқылды

Шығыс Қазақстан облысынан келген құқықбұзушы павлодарлық полицейлердің коронавирусқа шалдығуына себепкер болды. Павлодар облысы Аққулы полиция бөлімінің жеті қызметкерінен коронавирус табылды.

Полицейлердің коронавирусқа шалдығу себебі туралы аудан әкімінің орынбасары Алма Қасымова мәлімдеді.

«Олар Шығыс Қазақстан облысынан келген ер адамды мал ұрлады деген күдікпен ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктінің  COVID-19-дың симптомсыз түрімен ауырғаны анықталды. Сол адам арқылы аудандық ішкі істер бөліміне инфекция кірді. Ол адаммен байланыста болғандардан дереу коронавирусқа сынама алынып, үй карантиніне жіберілді. Арасында инфекция жұқтырғандар анықталды», ­– деді Алма Қасымова.

Аққулы ауданында санитарлық блокбекет қойылған, карантин талбын сақтау жіті қадағаланады.