Толассыз жауған қардан Первомайский ауданының тұрғындары көп зардап шеккен.
Екі күн үздіксіз жауған жауыннан кейін көшелер көктайғақ болған.
Аймақта төтенше жағдай енгізіліп, мектептер жабылды. Әуежайлар мен теміржолдарды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Халықты ауызсу және ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін арнайы орындар ашылған.
Жергілікті билік аймақта мұндай ауа райы соңғы 30 жылда болмағанын айтып отыр.