Атырауда есірткі сатқандар ұсталды
Атырауда есірткі сатқандар ұсталды
260
оқылды

Жедел алдын алу шарасы аясында «дәріханалық» нашақорлар арасында сұранысқа ие психотроптық дәрілік препараттарды заңсыз сатумен айналысқан үш азамат ұсталды.  Олардан 240  (пластинка) трамадол  және 18 (тюбик) тропикамид дәрілері тәркіленді.

«Әсіресе, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды қолдану, сақтау және пайдалану ережелерін бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударылды. Атырау облысында 30-дан астам денсаулық сақтау нысаны және өз қызметтерінде психотроптық заттар мен прекурсорларды қолданатын 20-астам мекеме бар. «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасы барысында үш емдеу-профилактикалық мекемесі және өз қызметтерінде психотроптық заттармен прекурсорларды қолданатын екі мекеме тексерілді», – деді  Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.

Жедел шара қортындысы бойынша Қылмыстық кодекстің 296 (2-бөлігі) және 297 (1, 3-бөліктері) баптарымен 4 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 4 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, қатысы бар тұлғаларды (оның ішінде 1 медицина қызметкері) жауапкершілікке тарту үшін жинақталған құжаттар Атырау облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.