Өртеніп кеткен үйден ер адамның мәйіті табылды
Өртеніп кеткен үйден ер адамның мәйіті табылды
168
оқылды

Өрт сөндірушілерге 22 қараша күні сағат 09:23-тер шамасында Естай көшесі, 134 мекенжайына шақырту түскен.

Он қабатты үйдің 9-қабатындағы 283-пәтер өртенген.

«Өрт сөндірушілер пәтерден 1977 жылы туған ер адамды құтқарып, ол бірінші қалалық ауруханаға ауырлығы орташа жану өнімдерімен өткір ингаляциялық улану, алкогольдік мас болу диагнозымен жатқызылды», ­­– деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ 23 қараша сағат 07:05 шамасында Павлодар қаласы Марғұлан көшесі, 99 мекенжайындағы 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шықты. Жетінші қабаттағы пәтердің он екі шаршы метр аумағы өртенген. Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен подъезден бес адам, оның ішінде екі бала эвакуацияланды. Өрт орнынан 1958 жылы туған пәтер иесінің жанып кеткен мәйіті табылған.