«Тараз» ойыншылары тегін ойнайды
«Тараз» ойыншылары тегін ойнайды
349
оқылды
Әлемдік пандемияға байланысты футболдан Қазақстан чемпионаты мәжбүрлі үзіліске кетіп, араға айлар салып барып  жалғасқан болатын. Осыған орай  қараша айының ортасында бітіп қоюы керек ел біріншілігі 5 желтоқсанға дейін созылғалы  тұр. Десе де келісімшарттары 20 қараша күні аяқталған футболшылар маусымның соңына дейін ақысыз доп тебуге келісіп отыр.  width= Легионер ойыншылар мен бапкерлердің мұндай шешіміне «Тараз» клубының басшысы Талғат Тұрлыбайұлы разылығын білдіріп, алғысын айтты. Ал тегін футбол ойнауға келіскен футболшылар талдықорғандық «Жетісу» клубымен өткен соңғы ойында 1:0 есебімен жеңіске жетіп, жанкүйерлерді тағы бір серпілтіп қойды.  

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы