"Интернационалдандыру - университеттің стратегиялық бастамаларының бірі және Франкофондар клубының ашылуы - осы мақсатқа бағытталған қадам. Клубтың ашылуына Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье КАНЕСА мен Бельгия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алекси де КРОМБРЮГХЕ де ПИКЕНДАЛЬ-дың қатысуы болашақта атқарылатын жұмыстарға серпін береді деген сенімдеміз", – дейді университет ректоры Гүлзада Шакуликова.Университет халықаралық байланысты нығайтуға маңыз беріп отыр. Өңірдегі шетелдік компаниялармен әріптестікті дамыту бағытында бірқатар шаралар бастау алды. Көп тіл білу - заман талабы. Оқу орнында қызметкерлер мен профессорлық-оқытушылар құрамына ағылшын тілінен тегін курс ұйымдастырылды. Қытай тілін үйрету курсы да жүріп жатыр. Ендігі кезекте испан тілі орталығы ашылады деген жоспар бар. Мұнайлы аймақта мұнай-газ саласы мамандарын дайындайтын, әрі білім алған студенттердің көп тіл меңгеріп, әлемдік деңгейде тәжірибеден өтуіне жағдай жасап отырған жоғары оқу орнындағы іргелі істер елімізде жан-жақты білікті мамандардың қатары көбеюіне ықпал етеді деген сенімдеміз.
Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ
Атырау облысы