Нұр-Сұлтандағы жарылыс: Тағы бір адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтандағы жарылыс: Тағы бір адам қайтыс болды
226
оқылды

Қалалық  Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 24 қарашаға қараған түні 24 жастағы жігіт есін жимастан, қайтыс болған. Ол газ жарылғанда үйіндінің астында қалып кеткен. Ауыр жарақат алған адам ауыр халде емханаға жеткізілген еді.

«Пациент өте ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Науқаста бас миының соғылуы мен бас миының ауыр жарақаты болған. Ауруханаға түскен сәттен бастап №2 көпбейінді қалалық аурухана мамандары мен ұлттық нейрохирургия мамандарымен қарады. Алайда барлық жүргізілген емдеу шараларына қарамастан, науқасты аман алып қалу мүмкін болмады», – деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айгерім Ардаққызы.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда дәмханада жарылыстан жапа шеккен тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың да жағдайы өте ауыр.