Ресейдің Благовещенск қаласында 19 жасар колледж студенті топтастарына оқ атып, артынан өзіне қол жұмсады. Шабуыл кезінде 3 азамат жараланып, біреуі мерт болды. Бұл туралы «Амур.инфо» порталы хабарлайды.
Baza Телеграм-каналының мәліметінше оқ атқан студенттің есімі – Даниил Засорин. Куәгерлердің айтуынша Даниил сабаққа кешігіп келген. Ұстаздың ескертуінен кейін ол сыртқа шығып кетеді. Біраздан соң студент қолына қару алып, аудиторияға қайта кіріп, топтастарын қорқытып, оқ атқан.
«Дважды два» басылымының хабарлауынша қару-жарақ студенттің атында ресми түрде тіркелген.
https://youtu.be/jsxcnA9IkXw