Зейнеткерлерді пышақтап өлтірген қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты
Зейнеткерлерді пышақтап өлтірген қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты
180
оқылды

Зейнеткерлерді қатыгездікпен өлтірген Вадим Достовқа қатысты үкім шықты. Алқа билер қатысқан сот 25 жастағы азаматты 25 жылға бас бостандығынан айырды.

Сондай-ақ марқұмдардың балаларына 20 миллион моральдық өтемақы төлеуі тиіс. Бұған дейін де екі рет істі болған азамат жазасын аса қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Қандықол қылмыскер қарияларды пышақпен денесін тілгілеп, бауыздаған. 10 баланы өмірге әкеліп ауыл шаруашылығында еңбек еткен тыл ардагерлері 87 және 78 жастағы Бейсенбаевтар үйінде алаңсыз отырған жерінде кісі қолынан мерт болған.

Қылмысты істеген 25 жастағы Вадим Достовқа  8 айдан кейін сот үкім кесті. Достовты 25 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бірақ зейнеткерлердің 10 баласы сот шешімімен келіспейді. Апелляциялық сотқа беріп, қандықол қылмыскерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етеміз деп отыр. Тіпті  Президентке хат жазып, әділдік сұрамақ.