Sulpak маңайындағы кесілген ағаштардың Қызыл кітапқа енгені белгілі болды
Sulpak маңайындағы кесілген ағаштардың Қызыл кітапқа енгені белгілі болды
154
оқылды

«Басқарма емен түрінің құрамы мен келтірілген зиянды анықтау үшін ботаникалық бақ пен Іле-Алатау ұлттық паркіне сауал жолдады. Сарапшылар кесілген ағаштар Қазақстанның Қызыл кітабына енгенін анықтады. Ол жоғалу қаупінде тұрған сирек кездесетін түр», – деді Наталья Ливинская.

Кәсіпкерлер ағашты рұқсатсыз кескен.

«Жексенбіде біз оқиға орнына бардық. Екі жеке кәсіпкерге айыппұл салынды. Бұған олардың ағаштарды кескені және абаттандыру ережелерін сақтамағаны себеп болды. Біз Sulpak қожайынының өтемақы ретінде ағаштар отырғызуын талап етеміз», – деді Наталья Ливинская.

Айта кетейік, Алматыда ағашты заңсыз кесуге қатысты Президент арнайы тексеру жүргізуді тапсырған болатын.