Бір тәулікте коронавирустан жеті адам қайтыс болды
Бір тәулікте коронавирустан жеті адам қайтыс болды
221
оқылды

Соңғы мәлімет бойынша коронавирустан 11 571 адам ем қабылдап жатыр. Оның арасында 710 бала бар.

Стационарларда 3 198 науқас жатыр. 8 373 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 210 адамның жағдайы ауыр, ішінде 32 науқастың жағдайы аса ауыр. 30 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Бір тәулікте 820 адам коронавирусқа, 168 адам пневмонияға шалдықты.