Ақтөбе Қарағандыны артқа тастады
Ақтөбе Қарағандыны артқа тастады
5,207
оқылды

Ақтөбе тұрғын саны бойынша Қарағандыдан озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылдың 1 қазанында   Қазақстанның көмірлі астанасында 496,876 адам болған. Ал, Ақтөбеде осы кезеңге 497 381 тұрғын тіркелді, яғни 505 кісіге көп. 

 Ақтөбе облысы статистика департаментінің басшысы Жолдасқали Бейісов 2020 жылдың екінші тоқсанына дейін Ақтөбе халқы 500 мың адамнан асады деп болжайды. 

 Осылайша, Ақтөбе ресми түрде еліміздегі төртінші қала атанды деп айтуға болады.