Қуаныш Оңалбаев: Халық жемқорлықпен күрес тәсілін білуі керек
Қуаныш Оңалбаев: Халық  жемқорлықпен  күрес тәсілін білуі керек
231
оқылды

Бүгінгі күннің ең өзекті мә­се­лесі – сыбайлас жемқор­лық­пен күресу. Бұл күресте халық маңызды рөл атқарады. Ол үшін әр адам құқықтық сауатын көтеріп, күрес тәсілін білуі тиіс. Сонда ғана өмір сапа­сын арттыра аламыз. Бұл орай­да, халықтың қаржылық сауа­тын арттыру үшін бірнеше қалада ше­берхана өткізген Zertteu Research Institute қо­ғам­дық қорының дирек­торы Қуа­ныш Оңалбаевты сөзге тарт­тық.

– Zertteu Research Institute Қа­зақ­­станда жылына 2,5 мың жем­қор­лық қылмысы жасалып, одан 40 млрд теңге зиян келетінін мәлімдеді. Бұл дерекке қарап, елімізде жем­қор­лық деңгейі қай деңгейде деуге бо­лады?

–    Бұл мәліметті мемлекеттік ақ­­парат құралдарына берген сұх­ба­тында Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігінің төра­ға­сы Алик Шпекбаев мырза кел­тір­ген. Бұл цифр елімізде жемқор­лық өте жоғары деңгейде екенін көр­сетеді. Өкінішке қарай, қоғам­да жемқорлықпен күресу тек ар­найы органдардың міндеті, біз еш­теңе істей алмаймыз деген көз­қарас орнығып қалған. Жемқорлық бар­лығымыздың өмірімізге қатыс­ты проблема болғандықтан, оны­мен қоғам болып күресу ғана жақ­сы нәтиже береді. Бастысы, адам­дар сыбайлас жемқорлықпен кү­ре­­­судің құралдары мен заңдарын білуі керек, сонымен бірге сол азаматтардың бойында заңды құр­мет­теу мәдениеті жоғары болғаны жөн. Осы бағытта қоғам белсен­ді­ле­ріне қажетті құралдар мен заң­дар­ды үйрету, заң құрметтеу мәде­ние­тін арттыру мақсатында Қазақ­стан­ның жеті қаласында   Жем­қор­лыққа қарсы шеберхана өтті. Ақпарат және қоғамдық даму министрілігінің қолдауымен, Азаматтық бастамалар орталығының гранты аясында 14 қа­зан күні Алматы қаласында бас­­талған шеберхана жұмысы 16 қа­зан – Қызылордада, 18 қазан – Шым­кентте, 21 қазан – Ақтауда, 23 қазан – Атырауда, 28 қазан Петропавлда өтіп, 30 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында қоры­тын­ды­ланды. Бұл шеберханаға қоғам белсенділері, Арнайы мониторинг тобы, қоғамдық кеңес мүшелері, «Адалдық алаңы» жобалау офисі­нің мүшелері, мәслихат депутат­тары, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен студенттерден тұратын 187 адам қатысты.

Шеберхана қатысушылары жем­қорлықпен күрес туралы заң­на­маға шолу жасады. Шебер­ха­на жұмысы атына сай толықтай тәжі­ри­бе жұмыстарына негізделді. Қаты­сушылар жемқорлықпен кү­ре­суде пайдалы құралдармен іс жүзін­де жұмыс істеп,   қолдануды үй­ренді.

– Мысалы, жемқорлықпен кү­ре­­­судің қандай құралдары бар?

– Бүгінгі таңда елімізде сыбай­лас жемқорлық қылмысы ең көп жа­­салатын сала – мемлекеттік са­тып алу. Сондықтан бұл бағытта са­па­лы, тұрақты жұмыс жүргізу өте ма­ңызды. Қатысушылар тренер­лер­дің көмегімен goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу порталымен жұмыс істеп, ондағы жемқорлық тә­уекелдерін анықтау, сатып алу ша­раларына талдау жасауды мең­ге­ріп, олардың негізділігі мен қа­жет­тігі бойынша пікір алмасты. Одан бөлек Ашық үкімет порта­лы­ның Ашық диалог, Ашық НҚА ком­поненттері мен publicbudget.kz ашық бюджеттер интерактив кар­та­сының сыбайлас жемқор­лық­пен азаматтық деңгейде күресу мен алдын алуда тиімділігі мен қолдану мүмкіндіктерін меңгерді. Publicbudget.kz ашық бюджеттер ин­те­рактив картасы – еліміздегі мем­­­лекеттік мекемелердің бюд­жет­­­тері жарияланатын үлкен ре­сурс. Биылдан бастап Қазақ­стан­ның барлық аймағындағы мем­­лекеттік ме­ке­мелер осы ресурста өз бюд­жет­терін жариялауы тиіс. Бұл жер­де азаматтар тек бюджет ақ­па­ра­ты­мен танысып қоймай, өздері бай­қаған жемқорлық тәуе­кел­дері тура­лы арыз, өтініштер де қалдыра алады. Ол арыздар тиісті органдар­дың қарауына түсіп, сол бойынша шаралар қабылдана­ды. Шеберхана қатысушылары осы мүмкіндік­тер­мен танысып, ресми мекемелерге арыз, өтініш қалдыру­ды меңгерді. Ашық үкімет порта­лы­­ның Ашық диа­лог компоненті көмегімен сы­бай­лас жемқорлық­пен күресетін және басқа мемле­кет­тік орган­дар­дың интернет кон­­фе­ренциясына онлайн қаты­сып, сұрақ қою, сұра­ныс жолдауға болады. Соны­мен бірге әр азамат осы бағытта арнайы органдармен инт­ернет-конферен­ция өткізу ту­ралы бастама көтеріп, сол бойын­ша сұраныс жолдай ала­ды. Ше­бер­хана барысында бұл мүм­­кіндіктер де іс жүзінде қолда­ныл­ды. Соны­мен бірге Арнайы мо­ниторинг тобы, Адалдық алаңы жо­балау офи­сінің мүшелері өз тә­жі­рибе­ле­рі­мен бөлісіп, басқа қаты­сушы­лар­ға пайдалы ақпарат­тар да айтты.


Әр тиынның қа­лай, қайда жаратылып жатқанын азаматтар біліп отыруы тиіс. Оны мемлекеттік органдар қамтамасыз етуі тиіс болса, азаматтар сол ашық­­­тыққа сұранысты қалып­тас­ты­руы керек.


– Transparency International   ха­­лықаралық ұйымының 2018 жыл­ға арналған Жемқорлық индек­сін­де Қазақстан 200-ге тарта елдің ішінде 124-орында Джибут, Габон, Непал мем­лекеттерімен қатар тұр. Мемле­кет жемқорлықпен күресу меха­низм­дерін жетілдіріп-ақ жатыр, алай­да нәтиже көңіл көншітпейді. Жем­­қорлық дерегімен ұсталып жат­қан­дар көп. Мұның себебі не?

– Оның себебі өте көп. Со­лар­дың бірі – қоғамдағы жемқорлыққа деген көзқарас. Бұл өте маңызды. Өкінішке қарай, қоғамда жемқор­лық­қа қарсы күресте азаматтар ештеңе істей алмайды, міндетті емес, «кім сол үшін айлық алады, сол күрессін» деген пікір қалып­та­сып қалған. Екіншіден, қоғамда бұл індет жаппай таралғандықтан, көп жағдайда тіпті бұл қалыпты нәрсе сияқты қабылданады. Одан бөлек, бұл бағытта ақпараттандыру ісінің ақсап тұрғанын айтуымыз керек. Көп азамат үшін жемқорлық деген оған қатысы жоқ, басқа бір әлем­де немесе ортада болып жат­қан нәрсе сияқты. Оның салдары өзінің өмірі­не тікелей қатысты еке­нін, ол дегенің сапасыз меди­ци­на, сапасыз мектеп, білім, сапа­сыз жол мен бизнес, жалпы сапа­сыз өмір деңгейі екенін әлі сезі­не бермейтін сияқты­мыз. Осы­ны дұ­рыс жеткізу, түсін­діру жақтары жет­кіліксіз. Сондай-ақ жемқор­лық­пен күресте қара­па­йым аза­мат­­тардың ықпалы, тиім­ді­лігі, олар қолдана алатын құрал­дар тура­лы айтылмайды. Осы ше­бер­­хана барысында байқағаны­мыз, қатысушылар біз ұсынған құрал­дар­дың сондай мүмкіндіктері бар екенін білмегенін айтады. Барлығы Ашық үкімет порталы, мемлекеттік сатып алу порталы, ашық бюд­жет­тер картасы бар екен­ін естіген, бірақ оның жемқор­лық­пен күрес­те­гі мүмкіндіктерін есті­ме­ген, қол­­данып көрмеген. Олар­мен жұ­мыс істеу үшін арнайы ма­ман бо­луың керек деген пікір қа­лып­­тас­қан. Біз ол құралдармен жұмыс іс­теу­дің қаншалықты оңай және тиімді екенін көрсеттік. Шеберхана деп аталғандықтан, барлығы тәжі­ри­бе түрінде өтті. Естіген, көрген құрал­да­рын іс жүзінде қолданып, жұмыс істеп көрді. Тағы бір үлкен себебі – заңдардың дұрыс жұмыс істемей­ті­ні. Сот жүйесінің де кем­ші­ліктері жеткілікті. Бір жерде ірі жемқорлық ісі ашылыпты десе, көп өтпей ол адамдардың жазадан оңай құты­лып кетіп жатқанын да ести­міз.

– Бүгінгі таңда біреу жемқорлық дерегімен ұсталыпты десе, оның қандай жаза алатынынан бұрын, қашан босап шығатыны, соңында тұрған ықпалды тұлғалар туралы кө­бірек талқыланады. Бұл да құ­қық­тық сауаттың жоқтығынан ба?

– Бұл – қоғамда заңға, заң ор­ган­­дарына, онымен күреске деген се­німнің көрсеткіші. Азамат­тар­дың сенімін қалыптастыру үшін мемлекеттік органдар заңдардың толық жұмыс істеуін қамтамасыз етуі керек. Тағы да бір ең үлкен се­беп­тердің бірі – ашықтықтың жоқ­тығы. Жемқорлық – мемлекет бюджетімен тікелей байланысты нәрсе. Тұрмыс деңгейінде жемқор­лық­тың үлесі соншалықты үлкен емес. Демек, жемқорлықты азайту, жеңу үшін мемлекеттің қаржы, бюд­жет саясатының ашық, есепті бо­луы маңызды. Әр тиынның қа­лай, қайда жаратылып жатқанын азаматтар біліп отыруы тиіс. Оны мемлекеттік органдар қамтамасыз етуі тиіс болса, азаматтар сол ашық­­­тыққа сұранысты қалып­тас­ты­руы керек. Оның бірден-бір жолы – сол органдарға сұраныстар жолдау. Біз шеберхана кезінде бұл тәсілдерді де кеңінен түсіндіріп, іс жүзінде жасап көрсеттік. Әрине, бір шеберханамен аз ғана адамды қам­тып бұл проблеманы шешіп тас­тау мүмкін емес. Сондықтан мұн­дай шеберханалар, халықтың қаржылық, құқықтық сауатын көтеру, түсіндіру, үйрету жұмыста­ры тұрақты, кең көлемде болуы керек. Сол кезде ғана елдегі жем­қор­лық деңгейін төмендетуге, ал ха­лықтың құқықтық, қаржылық сауа­тын көтеруге болады.

 

Сұхбаттасқан
Халима БҰҚАРҚЫЗЫ