Кентауда 6 жастағы баланы қағып, қашып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды
Кентауда 6 жастағы баланы қағып, қашып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды
680
оқылды

Кентау полициясына қалалық орталық ауруханадан хабарлама түскен. Онда жол апатынан дене жарақатымен кішкентай бала түсіп, қайтыс болғанын айтқан.

Хабар түскен бойда полицейлер оқиға орнына барды. Жол апатының мән-жайын анықтады. Полицейлер ҚР ҚК 345-бабы бойынша іс қозғады. Кентау жедел-тергеу тобы өрескел қателік жасағанына қарамастан, қашып кеткен көлік жүргізушісін іздеді. Куәгерлерден жауап алынды. Келеңсіз оқиға болған күні кезекшілікте болған полиция подполковнигі Мұхамедәлі Тұрғынбаев осы іске қатысты күдіктіні ұстауға барын салып, қырағылық танытты. Соның арқасында адам қағып, жол апатын жасап, қашып кеткен күдікті ұсталды. Тергеу барысында анықталғандай күдікті ауыл көшелерінің бірінде келе жатқан. Осы мезетте 6 жасар бала көлік алдынан жүгіріп шыққан. Жүргізуші азамат көлігін басқара алмай, оны қағып кетеді. Содан соң оны ауыл ішіндегі дүкендердің біріне алып барып, оқиға орнынан қашып кеткен. Дүкен иесі жедел жәрдем қызметкерлеріне шұғыл хабар берген.

Алайда бала ауруханаға жетер-жетпес көз жұмады. Күдікті болса көлігін ауыл шетіне апарып, қораға жасырып қойған.