Жітіқарада банк қызметкері 87 млн теңгені алып елден қашып кетті
Жітіқарада банк қызметкері 87 млн теңгені алып елден қашып кетті
5,190
оқылды

«Еуразиялық банктің» Жітіқара филиалының директоры Мырзабай Шалбаев кассадан 205 мың еуроны алып, елден қашып кетті.Бұл туралы Қостанай облыстық полиция департменті хабарлады,– деп жазады kstnews.kz.

«Еуразиялық банктің» Жітіқара филиалынан ірі көлемде ақша ұрлау фактісі тіркелді. Қостанай облысының полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-тармағы «Сеніп берілген мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Банк қызметкері өзіне сеніп тапсырылған 87 миллион теңгеден астам соманы ұрлап, із-түссіз жоғалып қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Тергеу барысында оның 12 қараша күні Ресей шекарасын кесіп өткені анықталды. Бұл іс бойынша барлық тергеу амалдары жүргізілуде», – деді полиция.