БҚО-да киіктерді жойған браконьерлер ұсталды
БҚО-да киіктерді жойған браконьерлер ұсталды
287
оқылды
Өңірде екі қылмыстық топ жұмыс істеген, олар өткен жылдың қыркүйегінен мамыр айына дейін заңсыз аң аулаумен айналысқан. Қылмыстық жауапкершілікке 11 адам тартылды. Тергеу барысында олардан 700-ден астам киік мүйізі, 9 бірлік қару, 7 көлік, екі қарда жүретін машина, екі мотоцикл және түнде көру құралдары тәркіленді. Істі тергеу бірнеше бап бойынша жүргізіледі.