20 жастағы қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің рекордын жаңартты
20 жастағы қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің рекордын жаңартты
240
оқылды
Қарағанды облысының тумасы ауыр атлет Артем Антропов аяқты алшақтата серпу бойынша Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. Бұл туралы Aikyn.kz Stan.kz  ақпарат агенттігіне сілтей отырып хабарлайды. Қазақстан чемпионатында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Антропов 373 (157+216) келіні көтеріп алтынға ие болды. Аяқты алшақтата серпу бойынша елдің бұрынғы рекорды Илья Ильинге тиесілі еді. Бұл салмақта 305 (135+170) келі нәтижесімен Рахат Бекболат (Қызылорда облысы) екінші орын алды. Үшінші орынға  257 (115+142) келіні көтеріп Алексей Литвченко Алексей (Қарағанды облысы) жайғасты.