Шымкентте жоғалған 12 жастағы қыз Алматыдан табылды
Шымкентте жоғалған 12 жастағы қыз Алматыдан табылды
156
оқылды

Шымкенттік полицейлер қала аумағында жоғалған 12 жасар қызды Тараздан тапты. Ол Алматыға бара жатқан автобуста болыпты.

Полиция департаментінің мәлімдеуінше, 26 қараша күні «102» сымтетігіне жергілікті азаматша хабарласып, бір күн бұрын жасөспірім қызының жоғалғанын айтып, көмек сұраған.

Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері шұғыл іздеу шараларына кіріседі. Көпбалалы отбасыдан шыққан оқушы сол күні «Алаш» базарына барып, қайта үйіне оралмаған.

Іздестіру жұмысына кіріскен тәртіп сақшылары қызды Шымкент-Алматы бағытындағы жолаушылар көлігінде кетіп бара жатқан сәтінде, Тараз қаласынан тапқан. Абай ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Орынбек Өмірзақ анасы мен қызын аман-есен қауыштырып, Шымкент қаласына жеткізген. Қазір жасөспіріммен психолог маман профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр.