Былтыр бұл көрсеткіш 7,4 миллиард долларды, 2018 жылы 6,2 миллиард долларды құраған.Зерттеушілердің пікірінше, көптеген штаттарда пандемияға байланысты тұрақты сауда нүктелерінің жұмысына шектеулер қойылғандықтан, интернет-дүкенге деген қызығушылық өскен.
Соңғы «қара жұмада» мобильді құрылғылар, түрлі тұрмыстық техникалар ең үлкен сұранысқа ие болған. Өткен жылдармен салыстырғанда сатып алушылардың зергерлік бұйымдар мен аяқ киімдерге деген қызығушылығы айтарлықтай төмендеген.
Adobe Analytics сарапшыларының бағалауы бойынша, алдағы 30 қарашада америкалықтар «кибер дүйсенбіде» интернет-дүкендердегі сатып алуларға 10,8 миллиардтан 12,7 миллиард долларға дейін ақша жұмсауы мүмкін.Егер болжам орындалса, бұл жаңа рекордқа айналады. АҚШ-тағы кибер дүйсенбіде онлайн-сатушылар жиі жеңілдіктер ұсынады.