Түлкібаста дауыс беру басталды
Түлкібаста дауыс беру басталды
325
оқылды

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында партиялық кадрлық резервіне үміткерлерге дауыс беру басталды.

Еліміз бойынша пилоттық жоба ретінде Елбасы, партия төрағасы Н.Назарбаевтың Nur Otan партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – Nur Otan партиясының 7 серпіні» атты бағдарламасына сәйкес, қолға алынған бастамаға түлкібастықтар үлкен қызығушылық танытты.

Партиялық кадрлық резервіне дауыс беру таңғы сағат 8-де басталды. Ауданның 15 аумағында 23 бастауыш партия ұйымының 6008 мүшесі дауыс беруде.

Дәлірек айтсақ, партиялық кадрлық резервіне тіркелген 96 азаматтың үздіктері анықталады. Олар елдік мәселелерге атсалысып, жергілікті деңгейдегі сайлауларға қатысады. Яғни, болашақ депутаттар мен көшбасшылар қарапайым елдің арасынан демократиялық жолмен таңдалмақ.