Олеся Кексельдің ісі туралы қосымша деректер шықты
Олеся Кексельдің ісі туралы қосымша деректер шықты
229
оқылды

ҚР Ішкі істер министрлігі прокурорлар Бауыржан Ғаббасов пен Олеся Кексельге қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады,– деп хабарлады «Время» газеті.

ҚР Бас прокуратурасының бұрынғы прокурорлары Бауыржан Ғаббасов пен Олеся Кексель тергеу барысында күдіктіні азаптады деген күдікке ілініп отыр. Бұл туралы жұма күні өткен бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның ісі бойынша сот отырысында адвокат Хамида Айтқалиева айтты,– деп жазады «Время» газетінің тілшісі.

Адвокаттың айтуынша, қылмыстық істі ҚР ІІМ тергеушісі басқаратын жедел-тергеу тобы жүргізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, О.Кексель ҚР Бас прокуратурасының арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі болған және бұған дейін ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының тергеу бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Ол бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов пен бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу топтарын басқарды. Олеся Кексель бұрынғы Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың оң қолы болып саналады. Қожамжаров президент жарлығымен сенатор болып тағайындалғаннан кейін, БАҚ-та Олесяның Қазақстаннан кетіп, қазір Германияда тұратындығы туралы ақпарат пайда болған.

– Тергеудің басталуына қорғалушымыздың мәлімдемесі себеп болды – кәсіпкер Е.И.Набиев Бас прокуратураның арнайы апркурорлары қызметінің бұрынғы басшысы О.Кексельдің және Бас прокуратураның тергеу-жедел тобының мүшесі Б.А. Габбасовтың заңсыз әрекеттері туралы мәлімдеді. Адвокат Х.Айткалиева соттан Набиевті кінәсіз деп тануды сұрады, өйткені оның айтуынша, Набиев тергеу кезінде азапталған.

Бұған дейін, 25 шілдедегі баспасөз мәслихатында басқа іс бойынша адвокат Жан Кунсеркин арнайы прокурорлар қызметінің басшысы ретінде Олеся Кексель қылмысқа күдікті Гүлнар Мұсабаевадан Иманғали Тасмағамбетовке қарсы куәлік беруді талап еткенін айтқан болатын.