Карантиндегі қалада мерекені тойлау үшін безендіруге 40 миллион теңге жұмсамақ
Карантиндегі қалада мерекені тойлау үшін безендіруге 40 миллион теңге жұмсамақ
219
оқылды

Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, аймақта көпшілік қатысатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Соған қарамастан, Өскеменде желтоқсан айындағы мерекелерді тойлау үшін 40 миллион теңгеге қаланы безендірмек. Ratel.kz-тің жазуынша, Өскеменде мерекені атап өту үшін мемлекеттік сатып алу сайтында қаланы безендіруге 40 миллион 178 мың теңгеге конкурс жарияланған. Өскеменде карантинге байланысты жалпыхалықтық мереке өткізуге рұқсат жоқ.

Аймақта маска режимі, арақашықтық, санитарлық талаптарды қатаң сақтау маңызды. Мерекелік және спорттық іс-шара, той-жиын өткізуге бас санитар дәрігердің қаулысымен тыйым салынған.