Үш көлік соқтығысып, екі адам жарақат алды
Үш көлік соқтығысып, екі адам жарақат алды
153
оқылды

Жол апаты Петропавл және Булаево аудан орталығы арасындағы тас жолда болды.

Mitsubishi Pajero жүргізушісі Volkswagen Transporter және «ВАЗ-2115» автомобильдерімен соқтығысты. Оқиға салдарынан жануарды өткізіп жіберу үшін аялдап тұрған екі көлік жолдан шығып кетті. Автокөліктердің біріндегі екі жолаушы жарақат алды.

Полицейлер жол апатының себебін анықтап жатыр.