Боранға байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Боранға байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
191
оқылды

1 желтоқсан күні күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыс, шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Түркістанда күндіз шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғуы ықтимал. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%. Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылордада солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 95-100%. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл облысының кей жерлерінде 1-2 желтоқсан күндері тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Таразда 1-2 желтоқсанда кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 1-2 желтоқсан күндері тұман түседі.

Петропавлда да тұман болады. Ауа райы болжамының дәлдігі - 90-95%. Ақмола облысының кей жерлерінде 1 желтоқсан күні тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.