Демалыс күндері үйден шығуға тыйым салынды
Демалыс күндері үйден шығуға тыйым салынды
154
оқылды
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған коронавирустың өршуіне байланысты елде коменданттық сағат енгізді. Түркияда бүгіннен бастап кешкі сағат 9-дан таңғы 5-ке дейін сыртқа шығуға тыйым салынбақ. Ал демалыс күндері толық локдаун күшіне енеді. Азық-түлік дүкендері тек үйге жеткізу қызметін атқарады. Сонымен қатар елде сауна, монша, ойын-сауық орындарының жұмысы тоқтатылды. 65 жастан асқан және 20 жасқа дейінгі азаматтарға қоғамдық көлікке мінуге рұқсат жоқ.