Коронавирус пандемиясына байланысты әлемнің барлық елінде жалақы мөлшері кемінде 6 процентке төмендеген.
Халықаралық еңбек ұйымының мәліметінше, жалақысы төмен қызметкерлердің әлеуметтік тұрмысы қиындай түскен.Олардың айтуынша, мемлекеттік субсидиясыз жалақы орта есеппен 6,5 процентке төмендеген. Ал көмек берілген елдерде осы соманың 40 проценті өтелген.«Дағдарыс әсіресе, әйелдер мен жалақысы төмен қызметкерлердің табысына елеулі әсер еткен. Теңсіздіктің өсуі әлемнің барлық елінде кедейлікке алып келуі мүмкін», – деп топшылайды сарапшылар.