Шуда букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасалды  
Шуда букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасалды  
206
оқылды

Қараша айының 26-нан 27-не қараған түні жасалған қарақшылық шабуылға қатысты күдікті ретінде екі азамат ұсталып отыр.

Жалпы қылмыс таңғы сағат 04:30 шамасында орын алған. Екі жігіт пластикалық терезені сығымдау арқылы букмекерлік кеңсеге кіріп, кассирді қарумен қорқытқан. Одан кейін 773 мың теңгені алып, ізін суытқан. Алайда тәртіп сақшыларының дереу әрекет етуінің арқасында Шу ауданының 23 және 24 жасар тұрғындары қолға түсті. Күдіктілер өз кінәларын толықтай мойындап отыр. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 192-бабының 3-бөлігімен (қарақшылық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу амалдары жүргізілуде, ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы