Йогурттың ішіне шөп пен дәрі салып, тергеу изоляторында жатқан күдіктіге бермек болған азамат ұсталды
Йогурттың ішіне шөп пен дәрі салып, тергеу изоляторында жатқан күдіктіге бермек болған азамат ұсталды
437
оқылды

4 желтоқсан күні Атыраудағы тергеу изоляторында йогурттың ішіне белгісіз шөп пен ақ дәрі салып бермек болған 25-жастағы азамат ұсталды. Бұл туралы Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің баспасөз-қызметі хабарлады.

– Заңсыз сәлемдеме ұрлық жасағаны үшін уақытша қамауға алынған азаматқа арналғаны анықталды. Мекемеге Атырау облыстық Полиция Департаментінің Жедел тергеу тобы шақырылып, «курьер» ұсталды. Сәлемдеме сараптамаға жөнелтілетін болады, – дейді УГ-157/1 мекемесінің Күзет және режим бөлімі бастығының орынбасары Айдар Аққажиев. Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 мекемесінде заңсыз сәлемдемелердің жолын кесуге арналған іс-шаралар жалғаса бермек. йогурт