Қазақстанда ақылы жолдар саны артады
Қазақстанда ақылы жолдар саны артады
348
оқылды
Бүгінде бірқатар өңірде республикалық маңызы бар автобандарға жолақы жинайтын жүйе орнатылып жатыр.Бұл туралы Aikyn.kz Taunews.kz сайтына сілтей отырып хабарлайды. Ақылы жолдардың қатарына «Шымкент –Ташкент» жолы да енгізіліп, сынақ режимінде жүйеге қосылған. Биыл мұндай құрылғылар еліміздегі жолдардың 5,8 мың шақырым учаскісіне орнатылған. Жолдың қалған 5,2 мың шақырымында қайта құру жұмыстарының аяқталуына қарай, 2024 жылға қарай іске қосу жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін 99 бақылау аркасы орнатылып, олар толықтай инвестордың қаражатына салынбақ. ⠀ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жағдайды реттеу үшін Дүниежүзілік банктің қолдауымен Швецияның SweRoad компаниясымен келісімшартқа қол қойды. Жоба аясында 6200 шақырым қалалық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бағалаудан өткізілмек. 5 балдық шкала бойынша автомобиль ішіндегі жол жүрісіне қатысушыларға, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге, мотоцикл жүргізушілеріне және велосипедшілерге бөлек тағайындалады. Бағалау аяқталғаннан кейін әрбір жолдың рейтингі анықталады. Осылайша жол апаттарын, өлім-жітімді азайту үшін, кемшіліктерді жою үшін іс-шаралар қолға алынбақ.