Қарағанды облысындағы қайғылы жағдай: үш адамның денесі табылды
Қарағанды облысындағы қайғылы жағдай: үш адамның денесі табылды
232
оқылды
Қарағанды облысында өткен тәулікте екі үйде өрт шығып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. Өрт туралы хабар 4 желтоқсан күні сағат 12.28-де келіп түскен. Абай қаласында бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шығып, үй ішіндегі заттар мен ағаштан жасалған терезе жақтаулары жанған. Тілсіз жау бес шаршы метр аумақты шарпығаны белгілі болды. Өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы екі адамды эвакуациялады. 1953 жылғы ер адам улы газдан уланып, ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында 1962 жылғы пәтер иесінің денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, өртке қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болған. Сондай-ақ, 5 желтоқсанда таңертең Шахтинск қаласының Шахан кентінде көпқабатты үйдің пәтері өртенді. 40 шаршы метр аумақ отқа оранған. Өрт сөндірушілер үш адамды сыртқа шығарып үлгеріпті. Оқиға орнында 1957 жылғы ер адам және 1962 жылғы әйел көз жұмды. Тілсіз жау сағат 08.45-те сөндірілді.