Жамбыл облысында құс өсіретін база өртенді
Жамбыл облысында құс өсіретін база өртенді
229
оқылды
Жамбыл облысында база өртеніп, 98 үй құсы өртеніп кеткен. Бұл туралы Aikyn.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеп хабарлайды. Жамбыл облысы ТЖ департаментінің 101 қызметіне Жамбыл ауданындағы «Мұрагер» шаруа қожалығындағы өрт оқиғасы жөнінде хабарлама келіп түскен. Үй құстарын ұстайтын базаның шатыры өртенгенген.

 «Жалпы ауданы 840 шаршы метр болатын базаның 470 шаршы метрі отқа оранған. Өрт салдарынан база шатыры және 98 үй құсы қырылып қалды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығыны анықталуда. Өрт сөндірушілер өртті екі жарым сағаттан астам уақытта өшірген»,– делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы бойынша өткен тәулікте Қордай ауданы, Масанчи ауылы, Ұлытау көшесіндегі №30 тұрғынүйдің ас бөлмесінде пештің өртенгендігі, Тараз қаласы, «Талас» мөлтек ауданы пәтердің біріндің қонақ бөлмесінде көрпе-төсектің жану оқиғалары тіркелді. Өрт оқиғалары кезінде адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ.