Ресейден шошқа өнімдерін әкелуге тыйым салынды
Ресейден шошқа өнімдерін әкелуге тыйым салынды
181
оқылды

Ресейде шошқаның африкалық обасы таралып жатыр. Осыған байланысты елімізде сақтық шаралары күшейтілді.

Солтүстік Қазақстан облысы ветеринария басқармасының мәліметі бойынша, Ресейде шошқа обасы шығып, мал қырылып жатыр. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті шошқа мен жабайы қабандарды, олардың етін, өнімдері мен жем-азығын шекарадан кіргізуге тыйым салды.

«Автокөліктерді өткізу бекетіндегі ветеринарлық-санитарлық бекетте ел аумағына өтетін барлық тауар мен автокөліктер тексеріледі. Омбы облысында шошқаның африкалық обасы пайда болған елді мекенде 24 желтоқсанға дейін карантин енгізілді. Жағдайды қадағалап отырмыз. Шектеу шаралары эпизоотиялық жағдай түзелгенге дейін алынбайды», – дейді СҚО Ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов.

Белгілі болғандай шошқа обасы адамға жұқпайды. Алайда ауырған мал емделмейді.