21 жастағы көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай, жаяу жүргіншіні қағып кетті
21 жастағы көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай, жаяу жүргіншіні қағып кетті
678
оқылды
Майқайыңда «Лада Приора» маркалы автокөлік жаяу жүргіншіні қағып, бағанаға  соғылды. Салдарынан жаяу жүргінші мен екі жолаушы түрлі жарақат алды. 

«6 желтоқсан күні сағат 23:50-де Баянауыл ауданы Майқайың ауылында «Лада Приора» автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі рульді игере алмай жаяу жүргіншіні қағып, жарықтандыру бағанына соғысқан. Жол апаты кезінде жаяу жүргінші мен екі жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тексеру басталды.