Кибер оқу-жаттығудың сайлауға қатысы жоқ – Әбдіқалықов
Кибер оқу-жаттығудың сайлауға қатысы жоқ – Әбдіқалықов
154
оқылды

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Руслан Әбдіқалықов мәлімдеді.

«Қауіпсіздік сертификат интернетті пайдалану, қауіпсіздік үшін қажет. Былтыр біз сертификатты қолдануға қатысты алғашқы жаттығуларды өткіздік. Биыл да кибер жаттығуды бір тәулік ішінде сынап көрдік.  Бұл оқу-жаттығулар бізде жыл соңына дейін созылды. Қазақстанда сайлау келер жылы 10 қаңтарда өткізіледі. Біз жаттығуды жоспарлаған кезде сайлау туралы білмедік. Кибер жаттығудың сайлауға ешқандай қатысы жоқ», – деді комитет басшысы Руслан Әбдіқалықов.