Коронавирусқа шалдыққан әйел дені сау бала өмірге әкелді
Коронавирусқа шалдыққан әйел дені сау бала өмірге әкелді
140
оқылды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қалалық фтизиопульмонология орталығының инфекциялық бөлімінде COVID-19-ға шалдыққан әйел дені сау бала туды. Салмағы 4626 грамм және бойы 61 сантиметр дені сау ұл бала дүниеге келді. Науқаста коронавирус инфекциясы диагнозы ауруханаға түсерден бірнеше күн бұрын, босануға байланысты тексерілу кезінде анықталған. Ауруханаға түскенге дейін болашақ ана аумақтық емханада амбулаториялық бақылауда болған.

«Қабылдау кезінде гинекологтар, инфекционистер және неонатологтар әйелдің денсаулығын қадағалаған. Бір күннен кейін дені сау бала дүниеге келді. Нәрестеден коронавирусқа қатысты анализ алдық. Тексеру теріс нәтиже көрсетті. Анасы мен сәбиінің жағдайы жақсы», – дейді қалалық фтизиопульмонология орталығының директоры Анна Цепке.

Үшінші рет босанған ананың  бұған дейін екі ұлы бар. Пандемия басталғаннан бері астанада коронавируспен ауырған 238 әйел сау нәрестені өмірге әкелді.