Карантин кезінде 200-ден астам тәжік жалған медициналық құжатпен елімізге келген
Карантин кезінде 200-ден астам тәжік жалған медициналық құжатпен елімізге келген
235
оқылды
Қазақстанда шетелдіктердің мемлекеттік шекарадан заңсыз өтуімен байланысты 200-ден астам факті анықталды. Бұл туралы ҚР Бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұлов мәлімдеді. 13 мамырдан бастап Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияның шешімімен қазақстандық медициналық мекемелерге емделуге келушілерден басқа барлық шетелдік азаматтар үшін мемлекеттік шекарадан өтуге шектеу қойылды. Көлік прокуратурасының талдауы бойынша, Қазақстанның медициналық мекемелерінен емделуге жалған медициналық жолдама-құжат жасатып, Тәжікстанның 232 азаматының шекарадан заңсыз өту фактілері анықталды. Бұл туралы ҚР Бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұлов Facebook-тегі парақшасында жазды. Прокуратураның бастамасымен Қылмыстық кодекстің 394-бабы 2-бөлігі (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу жүргізу міндеті Алматы әуежайының желілік полиция бөліміне тапсырылды.