Сүйіктісі сан соқтырып кетті
Сүйіктісі сан соқтырып кетті
152
оқылды

26 жастағы жігіт 36 жастағы келіншектің жүрегін жаулап, сеніміне кірген. Махаббатқа масайған әйел жігітке үйінің кілтін беріп қойған.

Ал күдікті келіншектің  қай уақытта үйде болмайтынын бақылап жүріп, ол жоқта 1 миллион теңге мен 400 мыңға бағаланатын әшекей бұйымдарын қолды қылған. Тәртіп сақшылары әйелдің жазған арызы бойынша   жедел іздестіру шараларын ұйымдастырып, күдіктіні қолға түсірді. Тергеу барысында ұсталған азамат арызданушының жігіті болып шығып, ол кінәсін толықтай мойындаған.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы