«Әкем түрмеден шықты» – Айжан Байзақова
«Әкем түрмеден шықты» – Айжан Байзақова
290
оқылды
Айжан Байзақова әкесінің істі болып, түрмеде отырғанын айтты.Бұл туралы Байзақова инстаграм парақшасында жазды.  "Әкем жақында ғана түрмеден шықты. Бұл мені аяу үшін жазылған мұңды жазба емес. Мен үш жыл бойы үндемедім. Бұған дайын емес едім. Қазір есейдім. Өзгелердің бұл оқиғаны теріс жағынан пайдаланғанын қаламаймын", – деп бастады блогер сөзін. Айжан әкесін түрмеге алып кеткен сәтін еске алды. «2018 жылдың наурызында 60 жастағы әкемді қолына кісен салып алып кетті. Ол ешкімнен жасырынған жоқ. Оны террорист, кісі өлтіруші секілді жетектеп әкетті. Бес жылға қамады. Сол сәттен бастап отбасының жүгі менің мойныма артылды. Біз әкемізбен қоштасып та үлгермедік. Мен тек әкеме дәрі апарып бердім. Анамның күйзелістен шашы түсіп қалды. Мен оны әр елге қыдыртып көңілін ауладым», – деді Байзақова.  Айтуынша, әкесі немересінің де жүзін көрмеген. Тіпті, уайымдамау үшін ағасының қазасын да естіртпеген екен. «Осылай үш жыл өтті. Атасы немересін көрген жоқ. Осы сәтте әкемнің туған ағасы қайтыс болды. Оны әкем білген жоқ. Әкемнің не үшін істі болғанын айтпаймын. Ол маңызды да емес. Оның дәл қазір бостандыққа шыққаны маңызды. Ол қазір отбасымен бірге. Бәрінің басында проблема бар. Инстаграмда көрген әлем-жәлемнің бәрі әдемі дүние емес. Қалғанын әкем кейін өзі айта жатар. Оған дайын болу керек. Айтылуы тиіс нәрсе бар. Ата-аналарыңызды қадірлеңіздер. Бұл жазбаны жаза отырып бір жеңілдеп қалдым», – деп жазды ол.