«Келешек жастардың қолында» – Елнұр Бейсенбаев
«Келешек жастардың қолында»  – Елнұр Бейсенбаев
586
оқылды

20 жылдық тарихи қалыптасу кезеңінде «Jas Otan» Жастар қозғалысынан бастау алып, бүгінде ең ірі саяси жастар ұйымына айналды. Соның арқасында әр күн сайын 106 мыңнан астам жас пен белсенді азаматтар елдің да­муына өз үлесін қосуда. 11 желтоқсанда Жастар қанатының өкілдері «Jas Otan»-ның V съезіндегі екі жылдық жұмысының қорытындысын шығарады. Осыған орай «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев съезд алдында жасотандықтардың атқарған қызметі, жастар үшін маңызды бағдарламалар мен алдағы шара туралы айтып берді.

– Елнұр, Елбасы «Jas Otan» – елін, жерін сүйетін, өз болашағын Қазақстанның кемел келешегімен байланыстыратын мың­даған бі­лімді де, белсенді жас­тардың басын біріктіретін, менің барлық бас­тамаларым мен стра­те­­гиялық жос­парларымның сенімді тірегі болып келе жатқан беделді ұйым» деп баға берген болатын. Осы ретте Жастар қанатының же­текшісі ретінде ұйымның ар­тық­шылықтары мен мүмкін­дік­теріне тоқталып өтіңізші. – Біздің басты миссиямыз – әрбір жастың үні болу, мүдделерін қорғау және жас таланттарды қолдау. Сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, волонтерлік қызмет атқару, жас­тардың дамуы мен өркендеуіне үлес қосу. Мұны барша ұйым­дағылар жақсы түсінеді. 20 жыл бойы жасотандықтар 37 қалалық және 171 аудандық бөлімшелерде белсенді қызмет атқарып келеді. Олардың жұмысы «Nur Otan» партиясының қызметімен үздіксіз байланысты және дамып келеді, сондықтан жастар қанатының көптеген артықшылығы мен мүм­кіндіктері бар. Оны көбінесе жас­тар үшін әлеуметтік лифт және елдің жастар саясатының аван­гарды деп атайды. Биыл партия қайта жандандырылды және партияішілік праймериз аясында жастарға 20 пайыз квота бө­лін­генін атап өткен жөн, ал бұл жас қа­зақстандықтарды айтар­лықтай қолдау екенін ерекше атап өткім келеді. – «Jas Otan» Жастар қана­ты­ның кейінгі 5 жылдағы атқарған жұ­­мысын қорытындылап берсеңіз. – Жастар қанаты – жүз мың­нан астам белсенді жас қазақ­стандықты біріктіріп отырған ұйым. Соның арқасында жыл сайын игілікті іс-шараларды жү­зеге асырып келеміз. Бес жыл бұ­рын «Jas Otan» съезі өтіп, онда «2020 жылға дейінгі Жастар жетістігінің жолы Jastar-Otanga! бағдарламасы қабылданды. Бү­гінгі таңда Жол картасының 38 пункті орындалды және 8 пункт бойынша жұмыс жалғасуда. Сондай-ақ 2016 жылы бәріміз білетіндей, «Волонтерлік қызмет туралы» заң қабылданды және бұл біздің ұйым үшін маңызды рөл атқарды. Өйткені 2019 жыл «Жас­тар жылы», ал 2020 жыл «Во­лонтер жылы» деп жария­ланды. Содан бері 30 мың адамды қам­титын 200-ден астам волонтерлік ұйым белсенді жұмыс істеп жатыр. Бес жыл ішінде жастарды жұ­мысқа орналастыру мақсатында «Сәтті қадам» және «Жастар кадр­лық резерві» жобалары іске асы­рылды. Nurintech жобасы аясында біз үш мың жас ғалымға қолдау білдірдік. Олардың барлығы ел игілігі үшін жұмыс істеп жатыр. Жастар ұйымы ауылдағы жас­тарды да назардан тыс қал­дырған емес. Мысалы, English for Jastar бағдарламасы бойынша 9 мың ауылдағы мектеп оқушылары ағыл­шын тілін тегін оқыды. Со­нымен қатар жыл сайын Jastar-Otanga! саяси лагері ұйым­дас­тырылады, онда 5 жыл ішінде 2 мыңнан астам жастар көшбас­шыларының пулы дайындалды. Сондай-ақ біздің ұйым жастардың ойын-сауықтарын да ұйым­дастыруда. Атап айтқанда, 1 мил­лионнан астам адамды қамтитын танымал телевизиялық «Жай­дарман» КВН жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Студенттер арасында анонимді сауалнама жүргізетін біздің тұ­рақты акциямыз «Таза сессия» жайында да айтып өткен жөн болар. Өткен оқу жылында біз 35 мың студенттің қатысуымен 105 ЖОО-ның сыбайлас жем­қорлық туралы жария рейтингін жасап шықтық. Бұл туралы біз барлық платформаларда ашық айттық. Ал еліміздің түкпір-түк­пірінде адам­дар пандемия мен енгізілген карантиндік шаралар салдарынан шығынға ұшыраған кезде, Елбасы бастамасымен BizBirgemiz! жал­пыұлттық акциясы іске қо­сылып, оның аясында 5 мың жасотандық ерікті 320 мың мұқтаж отбасына азық-түлік се­бетін жеткізіп, 100 мың отбасы үшін 5 миллионнан астам ме­дициналық маска дайын­далды. Мақтаарал ау­­да­нындағы су тас­қыны кезінде зардап шеккен отбасыларға да жастар тарапынан көмек көр­сетілді. 500 волонтер гу­мани­тарлық көмекті эва­куа­циялау және тарату үшін Birgemiz, Maqtaaral! штабын құрды. Осы ретте Жастар қанаты ірі жобалар мен имидждік ак­цияларды қам­титын барлық бағыт бойынша тұрақты, жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын ерекше атап өткім келеді. – «Jas Otan» V сьезінің маңызы қандай? Күн тәртібінде нендей мәселелер көтеріледі? – «Jas Otan» Жастар қана­тының V съезі коронавирус пан­демиясына байланысты онлайн форматта өтеді. Онда еліміздің 17 өңіріндегі жасотан­дықтар бейне­кон­фе­ренцбайланыс ар­қылы қо­сылатын болады. Съезде 2025 жылға дейінгі Jastar-Otanga! бағ­дарламасы және Орталық кеңестің жаңа мүшелері сай­ланады. Сон­дай-ақ «Jas Otan» Жастар қа­натының екі жылдық жұмы­сының қорытындысы шы­ғары­лып, ұйым­ның одан әрі қыз­метін жандандыру үшін алдағы жыл­дарға жаңа бағыт-бағдары бел­гіленеді. Jastar-Otanga! бағдарламасы аясында нақты қандай жобалар жүзеге асырылады? – Биыл Елбасы – Партия Тө­рағасы Н.Назарбаевтың тапсыр­масы бойынша Жастар қанаты 2025 жылға дейінгі Jastar-Otanga! бағдарламасын әзірледі. Бұл бағ­дарлама ел жастарының да­муына жол ашады. Ол үздік әлемдік тә­жірибелерді және еліміздің бар­лық өңірінен жастардың үш мың­нан астам ұсынысын пай­далана отырып әзірленген. Қыс­қаша айт­қанда, онда жастардың бес негізгі мәселесі көрініс тауып, оларды шешу жолдары көр­сетілген. Мысалы, жастардың ел­дің саяси өміріне көбірек қа­тысуы үшін жағдай жасау. Бүгінгі таңда олардың мәслихат де­путаттары арасындағы үлесі не­бәрі 2,8 пайыз (96 адам). Бұл мақсатты жүзеге асыру жолы қазірдің өзінде қаланды. Өйткені биыл әйелдер үшін белгіленген міндетті квота – 30 пайыз, жастар үшін – 20 пайыз және «Сайлау туралы заңға» тиісті түзетулер енгізілді. Екінші мәселе – білім беру сапасын арттыру, сондай-ақ оны Еңбек нарығының қажет­тіліктеріне бағдарлау. Бұл ертеден келе жатқан шешілуі тиіс мәселе. Бірақ ауылдар мен қалалардағы білім беру сапасы арасындағы үлкен алшақтықты ұмытпау керек. Бұл да өткір мәселе. Жаңа бағ­дарлама бойынша біз жұмысқа орналастыру тетігін дамытуға және жастар кәсіпкерлігін қол­дауға күш саламыз. Сондай-ақ жастардың тұрғын үй сатып алуға қол­­жетімділігін кеңейту үшін қол­дан келгеннің бәрін жасаймыз. Зерттеу деректері бойынша, жас қазақ­стандықтардың тек 18 пайы­зының жеке баспанасы бар. Біз мұны өте маңызды фактор деп санаймыз. Өйткені Қазақ­станның 4 мил­­лионға жуық халқы – 14-29 жас аралығындағы жастар. Бағ­дар­ламада жастардың бос уақы­тын тиімді өткізу мәселелері де ес­керіледі. Бағдарлама жөнінде қысқаша айтып өттім, соңғы нұсқасы «Jas Otan» съезінде тал­қыланады. – Жаңа Жол карталары бе­кітіле ме? – Съезде нақты шаралар мен индикаторлары бар 216 аймақтық Жол картасы талқыланады. Яғни, ауылдан келген кез келген жас маман 5 жыл ішінде өз аймағында не істелетінін біле алады. Сондай-ақ 2025 жылға дейінгі өзекті мін­деттер жазылған респуб­ликалық Жол картасы да бар. Атап айт­қанда, бұл қазақстандық 10 ЖОО-ның QS World University Ranking әлем университеттері рейтингінің топ-500-ге кіруін қамтамасыз ету. Студенттердің кемінде 25 пайы­зын жатақ­ханамен қамтамасыз ету – 90 мың орындық жатақхана құры­лы­сының арқасында ше­шіледі. Студенттік өзін-өзі бас­қаруды да­мыту және тағы басқа жұмыстар жайы сөз болады. – Сіздің ойыңызша, қазіргі кезде жастарды толғандыратын мә­селелерге не жатады? Мұны жү­зеге асырудың жолдары қандай? – Жоғарыда да атап өттім, Jastar-Otanga! бағдарламасы үздік әлемдік тәжірибені және елі­міздің барлық өңірінен келген жас­тардың 3 мыңнан астам ұсы­нысын ескере отырып әзір­ленгенін. Сол жұмыс ба­рысында, яғни жас­тардың сұра­ныстарын өңдеу ке­зінде біздің жастарды толған­дыратын бес негізгі мәселе анық­талды: аза­маттық бел­сен­ділік, са­палы білім, жұмысқа орна­ластыру, жұмыспен қамту, жас отбасыларды қолдау, қол­жетімді тұрғын үй, жеке даму және бос уақытты тиімді өткізу. Бағдар­ламаның басты ерекше­лігі – онда осы мәселелерді нақ­ты шешу жолдары көрсе­тілген. Жастар қа­наты өз бағдар­лама­сындағы атал­ған бес міндетті бекер анық­таған жоқ. Себебі бұл мә­селелердің маңы­зы зор. Жас­тар арасындағы өзекті мәсе­лелерді шешудің тиімді жолы осылайша жүзеге аспақ. Күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қа­тысуымен Волонтер жы­лы­ның жабылу рә­сімі өтті. Аталған ша­рада «JasOtan» Жастар қа­наты «Жомарт жүрек» сый­лығы бойын­­­ша «Жыл­дың үздік ұйымы» номи­на­циясына ие болды. «Jas Otan» 20 жыл ішінде талай игі істер мен маңызға ие жобаларды атқарды. Атқарылған жұмыс­тар­дың бірден-бір нәтижесі – осы жетістігіміз. Бұл барша жасотан­дықтың ортақ еңбегінің жемісі. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, одан әрі еліміздің игілігі мен жастардың болашағын жарқын ету жолында бірлесе жұмыс істейміз.

Сұхбаттасқан Абылайхан ЖҰМАШ