Әйелдер мен балалар құқын қорғап жүрген дикторды атып кетті
Әйелдер мен балалар құқын қорғап жүрген дикторды атып кетті
234
оқылды

Ол үйінен шығып, көлігімен кетіп бара жатқанда белгісіз біреулер оқ жаудырған.

Жергілікті биліктің мәліметінше, марқұм диктор әйелдер мен балалардың құқын қорғап жүрген. Шабуылды әзірге ешбір лаңкестік ұйым мойнына алған жоқ. Қайғылы оқиға болған Нангархар провинциясында атышулы ДАИШ-тың өкілдері әлі күнге дейін шабуыл ұйымдастырады. Сондай-ақ бұл аймаққа «Талибан» содырлары да бекініп алған. Өткен айда ғана Ауғанстанда 2 журналист жарылыстан қайтыс болған.

«Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымы Ауғанстанды журналистер үшін әлемдегі ең қауіпті елдердің қатарына жатқызады.