Полицейлер Алматыда автосалоннан ұрланған көлікті Қызылордадан тапты
Полицейлер Алматыда автосалоннан ұрланған көлікті Қызылордадан тапты
166
оқылды

Бұл туралы Қызылорда облысының Полиция департаменті хабарлады.

Алматылық әріптестерінен белгісіз біреудің Алматы қаласындағы автосалоннан құны 13 миллион теңге тұратын автокөлікті заңсыз иемденгені туралы ақпарат келіп түскен. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 1-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған болатын. Тергеуде көліктің Қызылорда облысы аумағынан өтіп бара жатқаны анықталды.

«Алматы қаласы Бостандық ауданы полиция басқармасы бұл іс бойынша Қызылорда облысы Полиция департаментіне дереу бағыт-бағдар берді. Сол бойынша қызылордалық полицейлер іздеу жұмыстарына кірісті. Олар «Самара – Шымкент» тасжолының 1803 шақырымы тұсында орналасқан жол бойындағы сервистік қызмет көрсету кешенінің алдында ұрланған көлікке сәйкес келетін машинаны байқайды. Көлік жүргізушісі оны сатып алғанын айтады. Алайда, полицейлер тексеру барысында көліктің ұрланғанын анықтады», – деп мәлімдеді департамент өкілдері.