Үйсіз-күйсіз жүрген «кезбе адамдар» қыстан қалай шығады?
Үйсіз-күйсіз жүрген «кезбе адамдар» қыстан қалай шығады?
552
оқылды
Соның бірі Нұр-Сұлтан қаласының жанынан құрылған «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы». Биыл бұл орталықтың күндізгі бөліміне 883 адам қабылданған. Негізі 180 орынға есептелген. 2012 жылдың ақпан айынан бастап Әлеуметтік патруль мобильді қызмет ұйымдастырылды. Онда мекеме қызметкерлері көшеде панасыз жүргендер көп шоғырланған аймаққа барып түсіндіру жұмысын жүргізеді. Орталық басшылығының айтуынша, келушілер саны қыс мезгілінде айтарлықтай артады екен. Үй-күйсіз жүргендер (Келушілердің көбінің құжаты жоқ. Жас шамалары 30-80 жас аралығында. Орталыққа кәмілет жасқа толмаған, мас күйінде, ақыл-есінен айырылған азаматтар қабылданбайды. Ал қызмет алушы алып жатқан әлеуметтік көмегіне байланысты бір айдан бір жылға дейінгі мерзімге қабылданады. Биыл аталған орталыққа қалалық бюджеттен 181 млн 520 мың теңге бөлінген. Орталықтың штаттық саны 72 адам болса, қызметкерлердің орташа айлығы 65 903 тенге. Үй-күйсіз жүргендер (3)Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығының» психологі Сәуле Әбсадыкова:
«Бізге келген кісілердің тұрақты тұратын жері жоқ. Әрқайсының тағдыры әрқалай. Ішінде бас бостандығынан айырылған, ажырасқаннан кейін туған туыстары бас тартқан азаматтар бар. Бала-шағасы далаға тастап кеткен қарттар да бізді паналайды. Бұл кісілерді тиісті құжаттарын реттеп қарттар үйіне жібереміз. Жасыратыны жоқ, ішімдікке салынғандар баратын жері болмай орталыққа келеді. Ол кісілердің қалауымен ғана наркологиялық ұйымдарға жібере аламыз. Барлығы тегін. Бізге келушілердің тағдыры әртүрлі. Бұрын құрылыс саласында лауазымды қызметте істеген кісі тағдырдың жазуымен жалғыз қалып кейін ішімдікке салынған. Сөйтіп, барар жері болмаған соң біздің орталыққа келді. Қазір қарттар үйінде», − дейді Сәуле Әбсадыкова.
Үй-күйсіз жүргендер (1)Оның айтуынша, үй-күйсіз жүргендердің тағдыры бір-біріне ұқсас. Жас кезінде ажырасқандары кейін балаларына баруға қысылады. «Бала күнінде көмектеспедім,  қартайғанда не деп барамын?» дейді қариялар. Сонда да орталық қызметкерлері бұл кісілердің бала-шағасын тауып әкесінің жағдайынан хабардар етеді. Өкініштісі сол, балалары да «жас кезінде анамызды тастап кеткен адамды қабылдай алмаймыз» деп өкпе-ренішін айтады екен.
Үй-күйсіз жүргендер (1«Бұрын тұрып кетсе де, қайтадан айналып келетін кісілер бар. Жағдайды ескеріп қабылдаймыз. Мысалы, қақаған қыста далада қалмайды ғой. Жұмыс тауып беру мәселесі де жолға қойылған. Бірақ өмірге тез икемделіп кететіндермен қатар, бұрынғы көшедегі еркін өміріне қайтып оралатындар да кездеседі. Өйткені, сол өмір өзіне ұнайды. Ол кісілерге күштеп шара қолданбаймыз. Айта кетерлігі, отбасына қосылып жатқандар да бар. Биыл 28 азамат отбасымен қауышып бұрынғы қалыпты өміріне оралды. Тек егде жастағы азаматтарды ғана емес, жастарды да қабылдаймыз. Жастардың басым бөлігі өзге өңірлерден, елордаға жұмыс істеу үшін келеді. Баспанасыз қалып, жұмыс беруші айлығын кешіктірген жағдайда орталыққа келеді. Одан бөлек, балалар үйінен шыққан жасөспірімдерге көмектесеміз», − дейді «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығының» психолог маманы.
Үй-күйсіз жүргендер (4)Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығында» өмір сүріп жатқан кісілермен сұхбаттасқан едік. (Сұхбат беруге келіскен кісілер фотосын жарияламауды сұрады). Үй-күйсіз жүргендер (13)
Аты-жөнім Құсайынова Гүлбаршын. Карантинге байланысты мен жұмыс істейтін мекеме жабылды. Қаражатсыз қалдым. Баратын жерім болмады. Сөйтіп орталыққа келдім. Бұған қоса, құжаттарымды да түгендеп жатырмын. Маған орталықтағы мамандар көмектесті.  width= Аты-жөнім Есенбаев Сабырбай. 1958 жылымын. Баратын жерім болмаған соң осы орталыққа келдім. Бірде бір құжатым жоқ еді. Соның барлығын жасап берді. Күнде ыстық тамақ береді. Орталықтың қызметкерлеріне, басшылығына ризамын. Бітірген мамандығым музыкант. Бұрын Өзбекстанда, Қарақалпақстанда жұмыс істедім. Бертін Жаңаөзенге келіп бір жылдай мұғалім болдым. Қазір жұмыс істеуге денсаулығым жарамайды.
Өңірдегі орталықтарға қойылатын талап бірдей. Тіпті, келушілердің тағдыры да ұқсас. Көбі жас кезінде ажырасып ішімдікке салынған азаматтар. Өмірден күдер үзіп, барынан айырылып, денсаулығы нашарлап жұмыс істеуге қабілетсіз күйге түскендер.  width=Алматы облысындағы «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды бейімдеу орталығы» әлеуметтік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Қалибек Айжанның айтуынша, келушілермен орталық қызметкерлері барынша түсіністікпен сөйлеседі. Қалай дегенмен өмірдің қатал сынынан өтіп жалғыздыққа еті үйренген кісілердің мінезі ауыр келеді.  width=
Біздің облыстағы орталық 150 орынға арналған. Алматы облысы бойынша белгілі тұрағы жоқ, бас бостандығынан айыру орталығынан босатылған азаматтар келеді. Биыл орталыққа 179 адам түсті. Оның ішінде жұмысқа орналасып, құжаттарын қалыпқа келтіріп, арнаулы интернат үйіне жіберілген азаматтармен қатар, қарттар үйіне орналастырылған қариялар бар. Келушілердің ішінде сауаты жоқ кісілер кездеседі. Ол кісілерді арнайы мектепте оқытамыз. Кейде жастардың ішінде балаларымен баспанасыз қалғандар бар. Ересектерді қабылдағанмен орталық балаларын алмайды. Балалары өз жасына сай оңалту орталығына барады, − дейді А.Қалибек.
 width=