Үміткер сайлаушылармен кездесу өткізді
Үміткер сайлаушылармен кездесу өткізді
233
оқылды
«Nur Otan» партиясының Зайсан ауданы бойынша аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Венера Аргынқызы Зайсан қаласындағы балалар музыка мектебінің ұжымымен санитарлық талаптарды сақтай отырып, кездесу өткізді. Кездесу барысында үміткер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы бес жылда ауданда атқарылатын жұмыстар туралы айтты. Сайлаушылар тұрғын үй салу, әлеуметтік нысандарды газдандыру, Зайсан қаласында аурухана салу туралы сұрақтар қойды. Венера Аргынкызы алдағы бес жылда ауданда тұрғын үймен қамтылу бір адамға шаққанда 15,5-тен 17,9 шаршы метрге артатынын, 350-ден астам отбасы жеке баспанамен қамтамасыз етілетінін атап өтті.  width=

Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» заңының 28-бап, 5-тармағына сәйкес,

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатына депутаттар сайлауға «Nur Otan» партиясы» Қоғамдық бірлестігінің Сайлау қорынан төленді.

Тапсырыс беруші: «Nur Otan» партиясы Зайсан аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Мұратқызы, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатына депутаттар сайлауға «Nur Otan» партиясы» Қоғамдық бірлестігінің Сайлау қорынан төленді.