Алмас Ормантаев қайтыс болды
Алмас Ормантаев қайтыс болды
187
оқылды

Мыңдаған баланы дертінен айықтырған атақты хирург Алмас Ормантаев қайтыс болды.

Дәрігердің әріптесі Асылжан Ерекешов Facebook парақшасында қаралы хабар туралы жазды. «Бүгін, 63 жасында, ұзақ аурудан, мезгілсіз, С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің балалар хирургия кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымның докторы, профессор Ормантаев Алмас Камалұлы дүниеден өтті! Марқұмның отбасына көңіл білдіреміз», – деп жазды А.Ерекешов. Алмас Ормантаев – атақты балалар хирургі. Ол әкесі, академик Камал Ормантаев негізін қалаған Қазақстан балалар хирургиясын дамытуға зор үлес қосты. Білікті маман Алмас Камалұлы Алматы, Мәскеуде білімін шыңдап, саналы ғұмырын медицинаға арнады.