Тәртіп бұзған 74 жастағы «генерал» ұсталды – видео
Тәртіп бұзған 74 жастағы «генерал» ұсталды – видео
201
оқылды
Әлеуметтік желілерде жол талғамайтын көліктің тұраққа дұрыс қойылмағаны көрсетілген видео таралды. Ролик авторы жүргізушіні күтіп, тәртіп бұзғанын көрсетуге тырысқан. Алайда көлік иесі куәгерге дөрекі түрде жауап берді. Айта кетейік, ролик кейіпкерінде офицерлік киім болған. Автордың сөзінше, жүргізуші «көліктен мылтықты алып, оны қолданғысы келетінін» айтқан. Жергілікті полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге таралған жайтқа қатысты жауап берді және тексеріс жүргізді. Нәтижесінде, құқық бұзушының жеке басына қатысты ақпарат анықталды. Ол 74 жастағы ер адам болып шықты.
"Ол генерал емес екенін түсіндірді. Құқық бұзушының автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде азамат әкімшілік кодекстің сегіз бабы бойынша бірден жауапқа тартылды", – деді полициядан.
Айыппұлдың жалпы мөлшері – 70 айлық есептік көрсеткіш, яғни 194 мың теңге.   https://www.youtube.com/watch?v=cPjuodS0vCw&feature=emb_logo&ab_channel=ShokanAlkhabayev